Posted by: Қалмұрат in Қоғам 11/12/2020 0 33 Views
Әл-Фарабидің есімі мен жазған құнды мұралары әлемдік ғылым менм әдениет тарихынан лайықты өз орнынын алатындығы ақиқат. Оның шығармалары еуропалық Ренессансқа үлкен әсер етіп, Батыспен Шығыстың мәдениеттерімен философияларының жақындасуына арналған алтын көпір болды. Қазақстанда Әл-Фарабидің мұраларын зерттеуге XX ғасырдың екінші жартысында бастауын алды, яғни, 1960 жылы, 15 қазанда Ғалым Ақжан Машанов (Машани) Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті, академик Қ.И. Сәтбаевқа ғалымдарды Әл-Фараби мұрасын зерттеуді және оның шығармаларын аудару туралы идеяларын қолдауға өтініш білдіріп, «Ұлы әл-Фараби біздің жерлесіміз, және біз ол туралы аз білеміз …» деп атап өтті. Ал, 1970 жылы Ақжан Машанимен Ағын Қасымжанов ұйымдастырған әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай ЮНЕСКО мен Қазақ КСР Үкіметінің қолдауымен Алматыда, Мәскеуде және Бағдадта бір уақытта өткізілген Әл-Фараби мұрасы туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Қазақстан аңсаған тәуелсіздігін алғаннан бері Әл-Фараби мұрасын зерттеу қарқыны үдей түсті.Tagged with: Аристотель мен Платон Әл-Фараби Екінші ұстаз Ислам фәлсафасы Ізгілікті дін Философияның дінге қатынасы
31/07/2026
30/07/2026
28/07/2026
27/07/2026
Құрметті жерлестер! ...
https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1
САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы АҚПАРАТ ӘЛЕМДІ БИЛЕЙДІ!