Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТТІ

КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТТІ

         Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастар саулығы – Отан байлығы» ұранымен кіші футболдан ересектер арасында аудан әкімінің кубогі болып өтті.
          Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өткен жарыстың басты мақсаты – футбол ойынын аудан жастары арасында кеңінен дәріптеу және ауданда бұқаралық спортты дамыту, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру болып табылады.
       ФИФА бекіткен ережеге сәйкес 4 топқа бөлініп, өзара мықтыларды анықтаған жарысқа Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарынан келген 16 командада 200-ге тарта спортшы қатысты.
      Байрақты бәсекенің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен ардагер спортшы Бақыт Жаңбырбаев ойыншыларға сәттілік тіледі.
        «Біздің де негізгі мақсатымыз осы – спортқа қызығушы жігіттердің басын қосып, олардың арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту. Аға буын мен іздерінен ерген інілерінің арасындағы сабақтастықты жалғау. Аудандарда өтетін спорттық жарыстарға белсене араластыру. Мұндай ойындарды алдағы уақыттарда тұрақты түрде өткізіп отыратын боламыз» деді аудан әкімі.
          Бекітілген ережеге сәйкес жасыл алаңда бойларын жазып, доп қуалаған жігіттері кәнігі футболшылардай қызықты да тартысты ойын өрнегін көрсетті. Турнир барысында әншейінде бір-бірімен жұмыс барысында кездессе де сәлемдесуден артыққа бара бермейтін жігіттердің бірі жаңадан таныс арттырып жатса, енді біреулері ескі таныстарын кездестіріп арқа-жарқа болысты.
         Турнир соңында қарсыластарынан қара үзіп, ұпай санымен алға шыққан «Жылы су» командасы жүлделі ІІІ орынды иеленсе, «Шардара – 93» командасы ІІ орынға табан тіреді. Ал, «Жетісай» құрама командасы І ооынды қанжығаларына байлап, аудан әкімінің кубогіне ие болды.
         Командалық нәтижеден бөлек үздік ойын өрнегін көрсеткен жекелеген ойыншыларға «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы» және «Үздік шабуылшы» сынды номинациялар бойынша да арнайы жүлделер табысталды.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1