NewsҚоғамСаясат

Белсенді сайлаушы – берік қоғамның кепілі

Қаралым: 23
        Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі – азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндігі. Конституцияда әрбір азаматқа сайлауға қатысу және таңдау жасау құқығы берілген. Осы құқықты пайдалану арқылы халық ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістерге өз үлесін қосады.
       Сайлау – демократиялық қоғамның басты институттарының бірі. Ол халықтың еркін білдіріп қана қоймай, азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттырады. Белсенді сайлаушы – өз елінің тағдырына бейжай қарамайтын, мемлекет дамуына жауапкершілікпен қарайтын тұлға.
        Бүгінде елімізде азаматтық қоғамды дамытуға, халықтың пікірін ескеруге және мемлекеттік шешімдерді қабылдау үдерісіне жұртшылықтың қатысуын кеңейтуге ерекше мән берілуде. Осындай жағдайда әрбір азаматтың сайлауға қатысуы қоғамдық келісімді нығайтып, елдің тұрақты дамуына ықпал етеді.
      Жастардың сайлауға белсенді қатысуы да ерекше маңызға ие. Өйткені бүгінгі жас буын – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азаматтар. Олардың белсенді азаматтық ұстанымы әділетті, жауапты әрі өркениетті қоғам қалыптастыруға негіз болады.
       23 тамызда әр азамат өз сайлау учаскесіне барып, конституциялық құқығын пайдаланып, азаматтық ұстанымын білдіре алады. Бұл – оның тек жеке таңдауы ғана емес, елдің тұрақтылығы мен өркендеуіне қосылған үлесі де.
Берік ҚҰСАЙЫН, 
Мақтаарал ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *