Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес
Автор: ҚалмұратҚаралым: 19
Елімізде 23 тамызда өтетін сайлау – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл күні әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, елдің ертеңіне деген көзқарасын білдіруге мүмкіндік алады. Бұл еліміздегі демократиялық қағидаттарды нығайту, азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысуын кеңейту бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар нәтижесі.
Бүгінгі таңда сайлауға қатысу – тек заңмен берілген құқық қана емес, сонымен бірге әр азаматтың азаматтық парызы мен жауапкершілігінің көрінісі. Белсенді азаматтық ұстаным қоғамдағы тұрақтылықты, ашықтықты және өзара сенімді нығайтуға қызмет етеді. Сондықтан әрбір сайлаушының дауысы маңызды.
Еліміздің болашағы – әрқайсымыздың қолымызда. Бүгінгі дұрыс таңдау – ертеңгі тұрақты даму мен өркендеудің кепілі. Сондықтан сайлау күні өз учаскеңізге барып, азаматтық ұстанымыңызды білдіру – ортақ игілікке қосылған нақты үлес.
Қазақ халқында «Көптің пікірі – көл» деген дана сөз бар. Қоғамдық маңызды шешімдер халықтың белсенділігімен және ортақ жауапкершілігімен жүзеге асады. Осы тұрғыдан алғанда, сайлауға қатысу – елге деген жанашырлықтың, мемлекетке деген құрметтің және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің белгісі.
Сонымен қорыта айтсақ, 23 тамызда өтетін сайлау – халықтың еркін білдіретін маңызды саяси науқан. Бұл күні әрбір азамат өз таңдауын саналы түрде жасап, қоғамның дамуына өзіндік үлесін қоса алады. Әсіресе, жастардың сайлауға белсенді қатысуы олардың ел тағдырына бейжай қарамайтынын, қоғамдық мәселелерге жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді.