БилікДенсаулықМаман кеңесі

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНАН ІНДЕТ ОШАҒЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қаралым: 47
         Қызылорда облысында Конго-қырым қанды безгегінің ошағы шығуы мүмкін деген 116 елді мекен анықталғандығы жөнінде Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
         Департамент  мәліметінше  биылғы жылы өңірде 116 елді мекенде қауіптің болу ықтималдығы жоғары екендігін, аудандар бойынша Аралда — 25, Жаңақорғанда — 19, Шиеліде — 16, Қазалыда — 14 елді мекендерде және өзгеде аудандарда тіркелген.
          Қауіптің алдын алу мақсатында елді мекендерді залалсыздандыру іс-шараларына жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылғандығын және қолайсыз деп танылмаған мекендердің тұрғындары залалсыздандыру жұмыстарын өз қаражаттарына жүргізетіндіктерін басты назарға алып, мәлімдеме жасады. Мәлімдеме бойынша 3 арнайы жұмысшы топ құрылып, 239 елді мекенде зоологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, жұмыс барысында 5154 дана кене жиналып, 503 сынама жасалған.
        Нәтижесінде жануарлардан және далалық жерден жиналған кенелердің тек 7 сынамасынан оң нәтиже анықталды, бұл жай бір жағынан жақсы жаңалық болып көрінгенімен шындығында қауіп-қатердің бар екендігінен белгі беріп отыр.
Ақбота ОРЫНБАЙ,
Қ.Сәтбаев атындағы  ЖОББ  11 «А» сынып оқушысы,
Тасқала ауданы,  Орал қаласы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *