ҚоғамҚылмыс пен жаза

ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК БЕРУ ІСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Қаралым: 22
          Біздің елімізде түрмеден шыққандарға әлеумет­тік-құқықтық көмек беру ісі барынша жолға қойылған. Осы орайда айта кетейік, әлеуметтік-құқықтық көмек, ол – пробацияның есебінде тұрған адамдарды әлеуметтендіруге бағытталған жеке бағдарламалар негізінде іске асырылатын шаралар кешені. Осы жылдың басынан бері еліміздің барлық өңірінде пробация қызметінің есебінде тұрған елу мыңнан аса сотталған адам әлеуеметтік-құқықтық көмектер алған көрінеді.
          Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету­де­гі негізгі бағыттарға пробацияның есебінде тұрғандарды жұмысқа орналас­­­тыру, қажетті медициналық көмекпен қатар, амбулаториялық емдерді алуына, білім алуына жәрдемдесу, құжаттарын қайта қалпына келтіру, психо­логиялық көмек беру және өзге де әлеуметтік-құқықтар жатады.
          Азаматтардың қылмыстық сот тө­ре­­лігіне түсуін азайту, қылмыстық жазалау шараларын азайту мақсатында қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық-құқықтық шараларды кеңінен қолдану үшін жағдайлар жасал­ған, жаңа Қылмыстық кодекс­те бірқатар санкциялар жеңілдетіліп, сотталғандарды шартты түрде мерзі­мі­нен бұрын босату уақыттары азайтылды.
          Арнаулы зерттеулекр көрсеткендей, көбіне сотталғандардың әлеу­меттік бағыттан алшақтауынан, яғни тұрмыстық проблемаларының дұрыс жолға қойылмағандығынан қайта қыл­мыс жасау орын алады екен. Сол себепті де бүгінде пробациялық есепте тұрғандың әлеуметтік жағдайларын оңалту мәселелеріне ерекше мән берілуде.
Р.АЛИМОВ,
Жетсай аудандық ПҚ бөлімінің  әділет капитаны. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *