Билік

КЕЗДЕСУЛЕРДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛУДА

Қаралым: 48
           Бүгінде ауданымыздың барлық ауылдық округтері мен Атакент кенті және аудан орталығы Мырзакентте  ел арасында ауызбіршілік, тұрақтылықты сақтау мақсатында «Саяси тұрақтылық – ел дамуының негізі» атты тақырыпта тұрғындармен маңызды кездесулер өтуде.

        Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тамара Ташева, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы Пердеш Есенбеков, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Елдар Қазыбеков, «Қоғамдық келісім» КММ Мақтаарал аудандық филиалының басшысы Асан Ботабеков, аудандық әжелер алқасының төрайымы Шахзада Құрбанбаева мен аудандық аналар алқасының төрайымы Сәуле Сейдуалиевалар – халықпен кездесулерінде Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы басым бағыттарды, жүктелген міндеттер, елдің ынтымағы, ұлтаралық татулық, жастар арасындағы патриоттық тәрбиелер, оларды жат діни ағымдардың сақтандыру туралы  әңгімелеп, қазіргі таңда еліміздегі ішкі саяси тұрақтылықтың қаншалықты маңызды екеніне жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ, кездесу барысында Украинадағы, Ауғанстан мен Сириядағы саяси тұрақсыздықтар мен соғыс қимылдары мен ол елдердегі аянышты жағдайлардың мемлекетімізде ешқашан да орын алмауы үшін қандай шаралардың  қолға алынуы керектігі де айтылды.
        Бұл кездесулерде сонымен қатар, тұрғындарды толғандырып жүрген өзге де маңызды мәселелер сөз болып, соларды шешу жолдары да талқыланды.
Ербол АБЕНОВ,
аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *