Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ТИІСТІ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮЙЕЛЕНДІРУДІ ТАПСЫРДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Sports » ТИІСТІ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮЙЕЛЕНДІРУДІ ТАПСЫРДЫ

ТИІСТІ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮЙЕЛЕНДІРУДІ ТАПСЫРДЫ

        Жетісай ауданының әкімі Серік Ұсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары мен дербес бөлімдердің, мекеме басшылары қатысты.
        Мәжілістің күн тәртібінде бекітілген 2024–2025 жылдарға жоспарланған инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаевтың, көрнекі ақпарат құралдары және жарнамалар мен нысан атауларының дұрыс жазылуы, «Тіл туралы» заңның орындалуы бойынша аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиевтың, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан арендалық үйлердің жағдайы туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мырзабек Абишевтың, «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралар мен жылыту маусымына дайындық жұмыстары туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының м.у.а Жақсыбай Әміренің, «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу жағдайы бойынша аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұртас Тұрсынбековтың баяндамалары тыңдалып, «Алтын күз», «Жетісай қаласының 55 жылдығы» мерекелік іс-шараларына дайындықтардың барысы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасалды.
        Мәжіліс барысында аудан басшысы ауданда жұмыссыздық деңгейін төмендету, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсіпкерлігін қолға алушылар мен жеке инвестициялар есебінен ашылатын жаңа жұмыс орындарының санын көбейту, орын алған кемшіліктерді тез арада жойып, аудан аумағында жұмыс жүргізіп отырған мердігерлердің жұмысының сапасын қатаң бақылауға алуды, қала, кент, ауылдық округ көшелерінде жабылып қалған арық-атыздар мен су қашыртқыларын қалпына келтіруді тапсырды. Берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды аудан әкімдігі аппаратының басшысына тапсырды. Берілген хаттамалық тапсырмалар мерзімінде орындалмаған жағдайда жауапты сала басшыларына тиісті шаралар көрілетіні ескертілді.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1