SportsЖаңалықтар

Отандасымыз Бразилиядағы турнирдің ширек финалында

Қаралым: 31
Қазақстандық Дмитрий Попко Бразилиядағы Кампинас челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Prosports.kz
Әлемдік деңгейде 172-ші, ал осы доданың 8-ракеткасы жерлесіміз Д.Попко екі кездесуін сәтті өткізді. Алғашқы айналымда ол  үш сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсекеде рейтингте 376-орында тұрған аргентиналық Тиаго Аугистин Тирантені 5:7, 7:5, 6:2 есебімен ұтты. Ал кінші айналымда әлемнің 196-ракеткасы, бразилиялық Жоан Менезешті 6:2, 7:5 есебімен тізе бүктірді. Бұл матч 1 сағат 37 минутқа созылды. Д.Попко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 117-інші, турнирдің 4-ракеткасы, колумбиялық Даниэль Элахи Галан Ривероспен таласатын болады.
Кампинас қаласындағы жарыс 6 желтоқсан күні өз мәресіне жетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *