Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Sports » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

           Түркістан қаласындағы «Turkistan Arena» стадионында мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада басталды. Түркістан облыс болып құрылғанына 4 жыл толуына орай және «23 маусым – мемлекеттік қызметші күніне» арналған байрақты бәсекеге қатысушы мемлекеттік қызметшілер спорттың 7 түрінен бақтарын сынайды.
          Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған спартакиаданың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Шылманов қатысып, мемлекеттік қызметшілерге сәттілік тіледі.
          «Облыстық мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиаданың ашылу салтанатына қош келдіңіздер! Спорт – денсаулық кепілі. Бүгінгі спорттық додада сәттілік серіктеріңіз болсын» деді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.
          Осы іс-шараға қатысушылар спорттың шағын футбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, қазақ күресі, бильярд, волейбол және жүзу түрлерінен өзара мықтыларды анықтауда. Спартакиаданың әділ түрде өтуі үшін арнайы мандаттық комиссия құрылып, мемлекеттік қызметшілер бағдарламаға енгізілген спорт түрлері бойынша жарыстарға бекітілген тапсырыс парағы арқылы қатыстырылуда.
         Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Шылмановтың айтуы бойынша облыс көлемінде 5882 нақты мемлекеттік қызметшілер бар. Бүгінгі спорттық шараға 17 дербес қала мен аудан әкімі аппаратынан, 20-дан астам облыс әкімі аппараты және облыстық департаменттер, басқармалардан 400-ге жуық мемлекеттік қызметшілер қатысуда.
           Айта кетейік, аталмыш спорттық жарыста әрбір спорт түрі бойынша жүлделі орынға ие болған қатысушылар арнайы дипломдар мен медальдармен марапатталса, жалпы командалық есепте жүлделі орын алған командалар кубоктармен және дипломдармен марапатталады.
Бауыржан НАЙМАНОВ, 
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1