Білім саласыЖас буынҚоғам

КӨПТІЛДІЛІК АДАМНЫҢ ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТЕДІ

Қаралым: 36
         «Н.Исмайлов атындағы №45 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы оқу жылының 03-14 наурыздары аралығында «Цифрлық әлемдегі заманалық білім беру» тақырыбында  өтілген он күндікте  жоспарға сай «Books and writers» тақырыбына  ашық сабақ өттім.

         6 «А» сыныбына өтілген осы сабақтың мақсаты: ағылшын жазушыларының  шығармалары мен қазақ жазушыларының шынармаларын салыстыра оқу, берілген  мәтіннің мағанасын жетік түсініп, түсінгенін айта білу және сұрақтарға жауап беру болды.
        Сабақ барысында «Тіл-адамзаттың ең үлкен  қазынасы. Ол арқылы біз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз, мәдениетті дамытамыз. Тіл болмаса адамзат өркениеті де болмас еді» дей отырып, оқушыларыма ағылшын тілінің маңызын барынша түсіндірдім. Танымал ағылшын тілді жазушылар мен олардың туындылары жайлы әңгімелеп бердім.Сол мақсатта түрлі көрнекіліктер пайдаланылдым.
        Қорытар айтар болсақ оқушыларға көп тіл білгеннің пайдасы турасы айтылды. Себебі, тіл – адамзаттың ең үлкен қазынасы. Көптілділік – бір адамның екі немесе одан да көп тілді меңгеруі. Бүгінгі жаһандану дәуірінде көптілділік жеке тұлға мен қоғам үшін көптеген артықшылықтар ұсынады. Ол арқылы біз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз, мәдениетті дамытамыз. Тіл болмаса адамзат өркениеті де болмас еді дей отырып, көптілділіктің адамзат өмірінде алар орнына тоқталып өттім.
Туякова Гулдана Жолдасқызы,
 Н.Исмайлов атындағы №45 ЖББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі.
Жетісай ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *