Білім саласыЖас буынҚоғам

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

Қаралым: 35
     «Н.Исмайлов атындағы №45 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде биылғы оқу жылының 03-14 наурыздары аралығында «Цифрлық әлемдегі заманалық білім беру» тақырыптағы апталық өтті. Соның аясында «Робинзон Крузо атты ашық сабақ өтілді.
       Бұл сабақтың мақсаты: Оқушыларға шет ел мемлекеттердің әдебиетін, ақындардың шығармаларын таныстыру. Әдеби шығармалар оқу арқылы елдердің мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғатын, саясатын көрсету, таныстыру. Шығармаларды оқу арқылы сұрақ қоюды, жаңа сөздермен сөйлем құрастыруды үйрету. Ағылшын тілінде видеоларды көріп тыңдалым дағдыларын дамыту болды.
        Сабақтың барысында танымал ағылшын ақыны Даниел Дефоның өмір баяны таныстырылды. Оқушыларға соған байланысты сұрақтар қойылды. Даниел Дефоның атақты шығармасы «Робинзон  Крузо»-ға қатысты ағылшын тілінде қысқа бейнекөрініс (видео) көрсетілді.
       Оқушылар бейнекөрсетілімді тыңдай отырып, соған байланысты өз сұрақтарын қойды. Жаңа сөздермен сөйлем құрастырды. Кейіннен оқушылар Ресейдің, Қазақстанның және Данияның атақты ақындардың сүреттерін, шығармаларды сипаттады. Осылайша оқушылар сабаққа белсенді қатысты.
Камбарова Гулия Джумановна,
Н.Исмайлов атындағы №45 ЖББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі.
Жетісай ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *