Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

          Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кіру кезінде артық кедергілер мен тосқауылдарды жою, азаматтар үшін мемлекеттік қызметтің барынша ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, Заңнамаларға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
         Осыған орай, 2023 жылдың 1 наурызынан бастап мемлекеттік қызметке кірудің жаңа жүйесі іске қосылып, мемлекеттік органдар арасында кезең кезеңмен енгізілуде. Осы жылдың шілдесінен айынан бастап іріктеудің жаңа жүйесі Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдарында енгізілетін болады.
         Бұрынғы жүйе бойынша: еgov порталы арқылы тестке жазылып, тестілеу залына келіп, заңнамаларға және жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеулерінен өту,сондай-ақ, бос лауазымдарға құжат тапсырып, жеке мемлекеттік органға конкурстық комиссияға әңгімелесуге бару керек болатын.
        Қазіргі таңда,бүкіл процестер толық автоматтандырылуда.
       Бұл ретте, «Е-қызмет» жүйесінің сыртқы порталында іске асырылатын конкурстық рәсімнің жаңа форматы үміткерлерге мемлекеттік органға келмей, үйден отырып-ақ конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді.
       Мемлекеттік қызметке түскісі келген үміткерлер ең алдымен eqyzmet.gov.kz интернет-порталы арқылы сәйкестендіру номерін алады, яғни оның үміткердің аты-жөні жасырылады.
         Бұл мүдделер қақтығысының болмауын қамтамасыз етеді.  Сонымен қатар, «Е-қызмет» барлық маңызды ақпараттық жүйелермен интеграция жасалынды.
      Ол мемлекеттік қызметке үміткерлерді артық құжат жинаудан босату,өзге ақпараттық жүйелерден үміткер туралы ақпарат алу, оның соттылығы немесе өзге бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексеру, біліктілік талаптарына сай келуін қарау – мұның бәрін автоматты түрде жүйе өзі жасайды.
        Осы ретте, конкурсқа қатысу үшін интернетке қосылған, веб камерасы, микрофоны бар компьютер болса жеткілікті. Оған қоса, жаңа жүйе бойынша тестілеу жүргізілетін нормативтік-құқықтық актілердің саны екі есеге – 9-дан 4-ке дейін қысқартылды.
         Іріктеу рәсімдерінін кең ауқымда цифрландырылуы өз кезегінде мемлекеттік қызметтіңашықтығын қамтамасыз етеді
А. НАУРЫЗБАЕВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Түркістан облысы бойынша департаментінің
басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1