«Сайыпқыран.кз» ақпаратты-сараптамалық порталының ұжымы – Алматыдағы штаттан тыс тілшіміз Жұматаева Гүлмира Мұратжанқызын 8-Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды.
Бүгінде Гүлмира Алматы қаласы, Түрксіб ауданындағы N170 ЖББ мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі. Егер «Әйел әлемнің сегізінші кереметі!» делінсе, біз штаттан тыс тілшіміз Гүлмира Жұматаеваны мақтанышпен «Порталымыздың сегізінші кереметі» деп ашық айта аламыз. Себебі ол жан-жақты дарынды, өзіне тапсырылған жұмыстарды жоғары дәрежеде жүзеге асырады. Біздің тұрақты оқырмандарымызды Алматы өңірінің жаңалықтарымен хабардар етіп отыруымен қатар, оларды жүрек тебірентер өлең-жырларымен де тәнті етіп жүр. Соның арқасында қазірде оның жеке аудиториясы да қалыптасып үлгерді.
Гүлмира Мұратжанқызын, нәзік жандылардың осынау төл мерекесімен шын жүректен құттықтап, оған ұжымымыздың атынан мықты денсаулық, таусылмас бақыт, шат-шадыман қуаныш тілейміз! Әрқашанда оның кез-келген ұжымның мақтанышы болып, дәулет, береке, байлық ауылына көрші қонуын, әулеттің ардақты анасы болып, ұл-қыздарының қызығын көре бер дей отырып, отбасына ашық аспан мен құт-берекелі дастархан тілейміз.