Қоғам

ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ТУЫНДЫСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Қаралым: 30
       Жуырда «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» аякциясы аясында, кітапханамызда халқымыздың даңқты ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Өмірдастан» атты шығармасына арналған  поэзия сағаты болып өтті. Осы мәдени шараға ауылымыздағы, тұрақты оқырмандарымыз –  «Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің» 9 сынып оқушылары келіп қатысты. Шара барлық санитарлық сақтық шаралары қолданыла отырып өткізілді.
       Негізгі мақсаты – оқушылардың рухани дүниесін байыту, оларға қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты насихаттау болған осы мәдени танымдық шара 3 бөлімнен тұрды. Соның алғашқы бөлімінде мен ақынның өмірі мен шығармаларына қатысты шағын баяндама оқып бердім. Баяндамамның арасында «Өмірастан» шығармасына да қысқаша тоқталып кеттім.
         Іс-шараның ІІ-ші бөлімінде мектеп оқушылары – «Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің» 9 сынып оқушылары ақынның шығармаларынан өлеңдерді нақышына келтіре оқып беріп, жиналғандарды дән риза етті. Омсылайша олар ақынның шығармашылығынан жан-жақты хабардар екендіктерін көрсетті.
        Шараны Алғабас ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Әлішер Байменов қорытындылап, осы іс-шараны ұйымдастырушылар мен белсенділіктерімен көзге түскен 9 сынып оқушыларына өз ризашылығын білдірді.   
Бибігул  РЫСПАНОВА,
Бірлік а/о  Қ .Пернебаев  ауылы, филиал № 8 кітапхананың кітапханашысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *