Осынау айтулы мереке кезінде сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта да толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл — күй барлық уақытта Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш — жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!
Жер — дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесінде табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!Кез-келген жамандық атаулы Сіздерді айналып өтсін!
Қымбатты арулар!
Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Әрқашан шаңырақтарыңызда береке болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке — бірлік тілеймін! Құрметпен: Мақтаарал аудандық аналар кеңесінің төрайымы Сәуле СЕЙДУАЛИЕВА.