Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
БАЛЫҚШЫЛАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » БАЛЫҚШЫЛАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

БАЛЫҚШЫЛАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

         2021 жылдың 16-17 шіллесі күндері Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Jas Otan» жастар қанаты мүшелерінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығының және Түркістан облысының құрылғанына 3 жыл толуына орай әуесқойлар арасында балық аулаудан жарыс өтті.
        Салауатты өмір салтын насихаттай отырып туризмді дамыту, қоршаған ортаны қорғау, жастар арасында балық аулау спортына деген қызығушылықты арттыру, көршілес аудан, қалалардағы балықшылар арасында өзара тәжірибе алмасуын, достық қарым-қатынасын нығайту, Түркістан облысының туристік әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараның ашылу салтанатына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков, аудандық мәслихат депутаты Жұмағали Төреқұл мен бірнеше округтің әкімдері қатысып, балықшыларға сәттілік тіледі.                  Сайысқа төрелік жасаған Жетісай аудандық Аңшылар мен балықшылар қауымдастығының мүшесі Мұхит Акбаров қатысушылардың жарыс ережелерін қатаң сақтап, әділ өтуіне үлкен күш салды.
           Балық аулау спортында өзара мықты қатысушыларды анықтау мақсатында Түркістан облысы, Шарадара су қоймасының «Күміс жағажай» демалыс аймағында сайысқа Түркістан облысының түкпір-түкпірінен 20-ға жуық командада 70-ге жуық балықшы қатысты. Балық аулау сайысы өте тартысқа толы болды.
         2018 жылы бастау алған екі күндік сайыстың қорытындысы бойынша І орынды «Абай» ауылдық округінің командасы қанжығасына байласа,  ІІ орынды «Охотники за удачой» командасы иеленді. Ал, ІІІ орын «Жамағат» командасына бұйырып, кубоктарға ие болды.
       Мұнан да басқа сайысқа белсенді қатысып, ерекше көзге түскен жекелеген балықшылар түрлі номинациялар бойынша үздік танылып, ұйымдастырушылардың арнайы дипломдарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
          Айта кетейік, сайыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтуіне «SANUR TV» қоғамдық телеарнасы ақпараттық қолдау көрсетсе, «NR» продюссерлік орталығы, «HotBurger», «SUSHI & PIZZA PARTY» тамақтану орындары мен «САЗАН», «MUKHIT» дүкендері демеушілік жасады.
Бауыржан НАЙМАНОВ

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1