Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АУДАННЫҢ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » АУДАННЫҢ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

АУДАННЫҢ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

         Жетісай ауданы әкімінің қаулысына сәйкес жуырда ғана жұмысын бастаған аудандық спорт клубы бүгінде көпшіліктің көңілінен шығып үлгерді. Аз ғана уақыт ішінде жастар мен ерексектер арасында спорттың футбол түрінен лигалар ұйымдастырып, қала, кент, ауылдық округтерден спорттық үйірмелерді ашуды қолға алып отыр.
         Ондағы мақсат – жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, бос уақыттарын тиімді пайдалануларына жағдай жасау, дағдыландыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, бұқаралық спортты дамыта отырып дені сау ұрпақ тәрбиелеу, болашақ ел чемпиондарын дайындау болып табылады.                  Міне, осы бағытта аталмыш спорт клубы аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі мен Қазыбек би ауылдық округі әкімінің қолдауымен 2007 – 2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында кіші футболдан Жетісай ауданының ашық біріншілігін өткізді. Байрақты бәсекеге Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш және Жетісай аудандарынан 12 команда қатысып, бақ сынасты. Өзара мықтыларды анықтаған шараның ашылу салтанатына аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев, Қазыбек би ауылдық округінің әкімі Дәулет Оразов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбет пен аудандық спорт клубының директоры Талас Битуреев, спорт саласының ардагерлері мен майталмандары қатысты. Жасыл алаңға жолдама алған жасөспірімдерді ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, сәттілік тіледі. Ашық біріншіліктің өтуіне демеушілік жасаған Қазыбек би ауылдық округінің спорт жанашырларына Еркебұлан Сейдалиевтің алғыс хаты табыс етілді.
         «Спорт – тәрбие  құралы. Жас ұрпақтың  жүрегіне Отансүйгіштік сезімін қалыптастыру үшін спорт таптырмас көмекші. Себебі, өскелең ұрпақты спортты сүюге, оны серік етуге баулу арқылы тек салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, олардың бойында еңбекқорлық, төзімділік, әділдік сияқты жоғары қасиеттерді де қалыптастырамыз. Бұл мақсатта аудандағы қала, кент, барлық ауылдық округтерде спорттық үйірмелер ашып, тиісті жұмыстар жүргізетін боламыз» дейді аудандық спорт клубының директоры Талас Битуреев.
          Тартысты өткен турнирдің қорытындысы бойынша жарыстың ІІІ орыны «Жетісай спорт клубы» командасына бұйырса, шардаралы аймақтың «Шардара» командасы ІІ орынға табан тіреді. Ал, жүлделі І орын өзгелерден ептілігімен ерекшеленген Қазыбек би ауылдық округінің              «Н.Оңдасынов» командасының қанжығасына байланды.
           Жарыс соңында жүлделі орынға ие болған командалар мен әдемі ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген жекелеген ойыншылар ұйымдастырушылардың дипломдары мен кубоктарына, медальдары мен бағалы сыйлықтарына ие болды.
Бауыржан НАЙМАНОВ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1