Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

           Мақтаарал ауданында биылғы егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Диқан қауымы көктемгі маусымда төккен маңдай терінің жемісін көріп, ерте пісетін бақша өнімдерін ішкі нарықпен қатар экспортқа жөнелтуде. Ауыл шаруашылығы саласындағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ауданның егіс алқаптарында өнім мол болып, шаруалардың табысы артып келеді.
          2026 жылғы 20 шілдедегі жедел мәліметке сәйкес, аудан бойынша бақша дақылдары 16 128 гектар алқапқа егілген. Бүгінгі күнге дейін оның 5 705 гектары суғарылып, суармалы егіншілікті тиімді ұйымдастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Тек бір тәуліктің өзінде 560 гектар алқапқа су берілген.
         Қазіргі таңда бақша өнімдерін жинау жұмыстары да қарқын алған. Аудан бойынша осы уақытқа дейін 21 848 тонна бақша өнімі жиналды. Оның ішінде 17 508 тоннасы жаппалы қауын болса, қалған бөлігін қарбыз бен өзге бақша дақылдары құрайды. Бұл көрсеткіштер мақтааралдық шаруалардың мол тәжірибесі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесін айғақтайды.  Сонымен қатар, мал азығы қорын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар да назардан тыс қалған жоқ. Биыл аудан көлемінде 1 596 гектар жаңа жоңышқа және 2 241 гектар ескі жоңышқа өсірілуде. Бұдан бөлек, 163 гектар алқапқа сүрлемдік жүгері егілген. Бұл жұмыстар мал шаруашылығының жемшөп қорын нығайтуға мүмкіндік береді.
         Ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына мемлекеттік қолдау шаралары, су үнемдеу технологияларын енгізу, заманауи агротехниканы пайдалану және шаруалардың тәжірибесі оң ықпал етуде. Әсіресе, су ресурстарын тиімді пайдалану бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып отыр.
         Мақтааралдық диқандардың қажырлы еңбегі нәтижесінде өндірілген сапалы өнімдер еліміздің әр өңіріне және шетел нарығына жөнелтіліп, ауданның аграрлық әлеуетін арттыруға үлес қосуда. Егін жинау науқаны әлі де жалғасуда. Сондықтан алдағы уақытта өнім көлемі бұдан да артып, ауыл еңбеккерлерінің табысы еселене түседі деген сенім мол.
Қ.ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1  

АБЫЛАЙ ФЕНОМЕНІ

«Алыстан орыс, қытай – ...