Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ҚОСТАНАЙДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ҚҰРЫЛЫМДАРЫ БАС ҚОСТЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ҚОСТАНАЙДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ҚҰРЫЛЫМДАРЫ БАС ҚОСТЫ

ҚОСТАНАЙДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ҚҰРЫЛЫМДАРЫ БАС ҚОСТЫ

       2025 жылғы 12 шілде күні Қостанай қаласында «Ауыл» партиясының өңірлік филиал төрағалары мен мәслихат депутаттарына арналған республикалық семинар-кездесу өтіп, оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, партия төрағасы Серік Егізбаев жетекшілік етті.
       Басқосудың негізгі мақсаты – партия құрылымдарының 2025 жылдың ІІ тоқсанында атқарған жұмыстарын қорытындылап, өңірлік бастамаларды саралау және алдағы кезеңге нақты міндеттерді белгілеу болды.
           Семинар барысында, әр өңірдің өкілдері тоқсан ішінде жүзеге асырған қызметтерін таныстырып, жетістіктер мен өзекті мәселелерді ортаға салды. Партияның саяси ұстанымдары, ақпараттық-имидждік жұмыстары, қоғамдық қабылдаулардың тиімділігі, сондай-ақ, өңірлік активтердің белсенділігін арттыру жолдары кеңінен талқыланды.
          Ашық диалог форматында өткен семинар тәжірибе алмасу мен ұсыныс — пікір білдіруге арналған алаң ретінде ұйымдастырылды. Нәтижесінде, өңірлік жұмысты жетілдіруге бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар қабылданды.
         Жиын аясында, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ауыл» партиясы фракциясының депутаттары еліміздің 20 өңірін қамтыған 10 күндік жұмыс сапарының қорытындыларын да ұсынды. Бұл сапар барысында бұқара көпшілік әлеуметпен, түрлі мекеме басшыларымен жүздесулер өтіп, 100-ден астам нақты сұрақтар мен ұсыныстар жинақталған. Олар алдағы уақытта Мәжіліс қабырғасында талқылауға шығарылмақ.
         Семинарға «Ауыл» партиясының әр облысы бойынша өңірлік филиалдарының төрағалары мен партия депутаттары және де партия өкілдері қатысты. Сондай-ақ, Атырау облыстық филиалы тоқсандық көрсеткіштер бойынша үздік үштікке еніп, жоғары нәтижеге қол жеткізген өңір ретінде атап өтілді.
          Айта кетейік, «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша филиал төрағасы Қайрат Қанатұлы Смағұловта аталған семинар-кездесуге қатысты.
              Семинар соңында, партияның өңірлік құрылымдарына нақты тапсырмалар жүктеліп, ІІІ тоқсанда іске асырылуы тиіс жобалар мен жұмыс бағыттары белгіленді. Партия төрағасы Серік Егізбаев барлық өңірлік филиалдарға ауыл халқының сұраныстарына жауап беретін нақты жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиал баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1