Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ӘЛЕМДЕ АШ АДАМДАРДЫҢ САНЫ АРТУДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » ӘЛЕМДЕ АШ АДАМДАРДЫҢ САНЫ АРТУДА

ӘЛЕМДЕ АШ АДАМДАРДЫҢ САНЫ АРТУДА

        БҰҰ әлем қауымдастығын Йеменнің 16 миллион тұрғынына шұғыл түрде гуманитарлық көмек көрсету үшін 3,85 миллард АҚШ долларын бөлдіруге шақырды. Тиісті мәлімдеме Швеция мен Швейцария үкіметтерімен бірлесе жасалған қаржы жинауға арналған конференция кезінде жасалған.
         Егер де, әлем бойынша 2020 жылы 88 миллион адам аштық дәрежесінде күн көрсе, ал 2021 жылы олардың саны одан әрі көбейетіні болжанып отыр. Жағдай әсіресе Сахелде, Африканың кедей елдері, Оңтүстік Йемен мен Ауғанстанда күрделі болып тұр. Өкініштісі, бір елдерде адамдар жеуге тамақ таппай қиналып отырса, жыл сайын әлемде өндірілген азық-түлік өнімдерінің үштен бірі түрлі себеппен қоқысқа тасталады екен…
        Өткен жылы БҰҰ-ның жанындағы бүкілдүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының аясында әлем бойынша 114 миллион азаматқа қайырымдылық көмек көрсетіліп, оларды аштық апатынан құтқарып қалған. Биылғы жылы болса, сондай көмекке мұқтаж азаматтардың саны ьтағы да 20 пайызға артады деген болжам бар.
        Сарапшылар бір ауыздан бұл өзекті мәселелердің тек қайырымдылық көмекпен ғана  шешілмейтінін айтуда. Түрлі соғыстар мен табиғи апаттар,  ауыз су мен ағын су көздерінің жыл өткен сайын азая бастауы, ғаламдық жылынудың салдарынан егістік жерлердің азаюы, цифрлық технологиялардың арқасында жұмыс орындарының қысқаруы тұрмыс жағдайы төмен адамдардың санын одан әрі  арттыра беретін болады. Осы мәселені түбегейлі шешу үшін БҰҰ көлемінде кең көлемді бағдарламалар жүзеге асуы керектігі анық.
Гүлмира ЖҰМАТАЕВА,
Алматы қаласы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1