Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АТАКЕНТ-МЫРЗАКЕНТ ТАС ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ АЙНАЛАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » АТАКЕНТ-МЫРЗАКЕНТ ТАС ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ АЙНАЛАДЫ

АТАКЕНТ-МЫРЗАКЕНТ ТАС ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕККЕ АЙНАЛАДЫ

         Бүгін табиғат күні аясында аудан әкімі Бақыт Асановтың тікелей бастамасымен аудан көлемінде жаппай сенбілік ұйымдастырылды. Шараға мыңнан аса қызметкер мен аудан тұрғындары қатысып, көктемгі көшет егу жұмыстары үлкен қарқынмен жүргізілді.

       Жалпы «ПУИД-2» жобасы бойынша құрылысы аяқталған К-18 каналының жанынан 10 км-ге жуық арық қазылып, бірнеше секторларға бөлінген болатын. Әрбір секторға жауапты мекемелер бекітіліп, түрлі ағаш көшеттері отырғызылды.
          Егілген талдардың өсіп-өнуі үшін бекітілген мекемелер тиісті шараларды қолға алуда. Мәселен, уақытылы суарылып, әрбір ағаштың түбі әктеліп тұрады. Сонымен қатар, оларды жан-жануарлардан қорғау шаралары да қолға алынуда. Осылайша аудан басшысы К-18 каналының маңындағы Атакент-Мырзакент тас жолының бойын жасыл желекке айналдыруды көздеп отыр.
        «Бүгінде әлемнің түрлі жерлерінде экологиялық проблемалар орын алып жатқан тұста ағаш өсірудің, тұрған өлкемізді жасыл желекке айналдырудың пайдасы орасан. «Бір тал кессең он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген қанатты сөздер қай кезде де ұрпақ үшін маңызды. Екінші жағынан тал егу туған жеріміздің көрікті болып, абаттануына үлкен септігін тигізеді. Сондықтан, бүгін табиғат күні аясында барша мақтааралдықтарды тал егуге шақырамын!» — деді Бақыт Насырханұлы.
       Айта кетейік, жыл басынан бері Мақтаарал ауданында 20 мыңнан аса түрлі ағаш көшеттері егілген. Оның ішінде қара ағаш, тұт, жиде, терек, ясень, каталпа, айлант, миндаль атты декоративті ағаштың түрлері бар. Сондай-ақ, ауа-райының қолайлығына байланысты алдағы уақытта тағы да 10 мыңға жуық көшет отырғызылатын болады.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1