Экономика

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚЫМБАТТАУЫ БОЛЖАНУДА

Қаралым: 62
Essam Al-Sudani / Reuters-тың фотосы
        ТАСС белгілі сарапшылардың есептеріне сүйеніп отырып, 2021 жылдың екінші жартысында  әлемдік нарықта мұнай өнімдеріне деген сұраныстың артатынын жария етті. Бұған биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында дүниежүзі бойынша Ковид-19-ға қарсы жаппай екпе жұмыстарының қарқынды жүргізілуінің нәтижесінде, экономикалық жағдайдың оңалатындығы сеп болады екен. Соның нәтижесінде мұнай өнімдеріне деген сұраныс күніне қосымша 5,9 млн. баррельге  жетіп, оның жалпы көлемі 96,3 млн. баррельге дейін  жететіні болжануда.
       ОПЕК-тің осы жайға қатысты алдыңғы болжамында  оның күндік деңгейі 5,8 млн. баррель болған еді. Бірақ АҚШ, Канада мен Норвегиядағы экономикалық жағдайдың оңалудың арқасында, сол елдерде мұнай өнімдеріне қосымша сұраныстың  болатындығы айтылуда. Яғни, әлемдік пандемияның құлдырап кеткен мұнайдың бағасы жоғарылайтын болады.
Қайрат ЕСМАНОВ,
Атырау қаласы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *