Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІН МАРАПАТТАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Sports » ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІН МАРАПАТТАДЫ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІН МАРАПАТТАДЫ

             Украинаның Харьков қаласында спорттың панкратион түрінен өткен әлем чемпионатында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентінің тумасы Нұрғиса Нажимидин +100 келі салмақ бойынша ІІ орынды жеңіп алып, Қазақстанның ерлер құрамасының қоржынын күміс медалмен толықтырып еді. 
            Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов жас спортшыны қабылдап, ауданның демеушілерінің атынан 100 мың теңге сыйақы мен сый-сияпаттар беріп, арнайы марапаттады.
          «Еліміздің атын асқақтататын сендей жастарымыз көп болса — еліміздің болашағы бұдан да жарқын боларына сенімім мол. Әрқашан осы бетіңнен таймай үлкен қажыр-қайратыңмен еңбектеніп, әлемдік додаларда көк байрағымызды желбірете беруіңе тілектеспін!» — деді Бақыт Насырханұлы.
          Марапаттау шарасына спортшының әкесі Иса Нажимидинұлы, ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандарбек Татеев, №1 жасөспірімдер мен балалар спорты мектебі директорының орынбасары Бақыт Есенов, спортшының жаттықтырушысы Нұржан Қарабаевтар қатысты.
          Айта кетейік, Н.Нажимидин 2003 жылы туылған. Ағымдағы жылдың 31 наурыз — 5 сәуір күндері панкратионнан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына Мақтаарал ауданының құрамасы атынан қатысып, мұнда да ІІ орыннан көрінді. Осылайша әлем чемпионатына жолдама алған болатын.
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1