ҚоғамҚұттықтау

СІЗДЕР, ӘЛЕМНІҢ ШЫРАҒЫСЫЗДАР!

Қаралым: 94
      Аяулы аналар, қымбатты арулар, қадірлі апа-сіңлілерім!  
        Осынау айтулы мереке кезінде сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта да толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл — күй барлық уақытта Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш — жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасылыраңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілеймін!
       Жер — дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесінде табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!Кез-келген жамандық атаулы Сіздерді айналып өтсін!
     
       Қымбатты арулар!
         Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын. Әрқашан шаңырақтарыңызда береке болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке — бірлік тілеймін!
       Құрметпен: Мақтаарал аудандық аналар кеңесінің төрайымы Сәуле СЕЙДУАЛИЕВА.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *