ОЛ ЕНДІ «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» ТУРНИРІНДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ
Автор: ҚалмұратҚаралым: 28
Отырар ауданының орталығы – Шəуілдірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың жүлдесіне арналған «Түркістан барысы» турнирі болып өтті. Қазақ күресінен республикалық жарысқа іріктеуге арналған осы облыстық жарысқа 21 дарынды балуан қатыстып, кімнің мықты екенін анықтады.
Мақтааралдық бөз кілем шебері Әліби Жұмаділлаев, тартысты өткен осы облыстық іріктеу турнирінде финалдық кезеңге дейін жетіп, турнирдің күміс жүлдесіне қол жеткізді, бізді үлкен қуанышқа бөледі.
Осылайша мақтааралдық өрен алдағы уақытта республикалық деңгейде өтетін «Қазақстан барысы» турнирінде, Түркістан облысының намысын қорғайтын болады. Бұл арқылы ол Мақтааралда қазақ күресі спортының жоғары дәрежеде дамып келе жатқанын өзгелерге көрсетіп отыр.