Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ОБЛЫС НАМЫСЫН ҚОРҒАП БАС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Sports » ОБЛЫС НАМЫСЫН ҚОРҒАП БАС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ

ОБЛЫС НАМЫСЫН ҚОРҒАП БАС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ

           Республикалық «Ұшқыр доп» гандбол спорт түрінен 7-8 сынып оқушылары арасында өткен жарыста Түркістан облысының намысын қорғаған Мақтаарал ауданындағы Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінің оқушыларынан құралған команда жүлделі I-орынды иеленді.   
           Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов осы жүлдегерлерді арнайы жинап, өзінің ыстық лебіздері мен жүрекжарды тілектерін айтты. Сонымен қатар, жиын барысында аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев пен ауданның адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Мұрат Серікбаевтар да өздерінің тілектірін жеткізді.
          «Мақтаарал ауданының жасөспірімдері мен жастары қай спорт түрінен болмасын байрақты бәсекелерде топ жарып, ауданымыз бен облысымыздың абыройын республикада, шетелдерде асқақтатып жүр. Міне, бүгін қарапайым ғана ауылдан шыққан мектеп оқушылары республикалық жарыстан бас жүлдемен оралып отыр. Әрине, жеңісті сәттердің соңында бапкерлер мен спортшылардың аянбай тер төккен еңбегінің жемісі тұрғаны анық. Сондықтан, бүгінгі жеңіс үшін тер төгіп, қолдау білдірген барша азаматтарға алғысымды айта отырып, спортшы балаларымызды шын жүректен құттықтаймын!» — деді Бақыт Насырхаұлы.
          Қызылорда қаласында өткен республикалық «Ұшқыр доп» гандбол жарысына 8 команда қатысқан. Атап айтқанда, Алматы, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан келген азулы командаларға дес беріп, Түркістан облысының атынан шыққан Мақтаарал ауданындағы Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінің командасы үздік ойын көрсетті.
        Жүлдегерлерді Қазақстан Республикасының спортына еңбегі сіңген зіл теміршісі, ел мақтанышы Илья Илиннің өзі марапаттаған жарыстың финалдық кезеңінде  Қызылорда облысының командасын өз жерінде жермен-жексен еткен Әл-Фараби құрамасы – жарыстың бас жүлдегері атанды. Оның ішінде өзінің керемет шеберлігімен көзге түскен Сергей Анатольевич Мамедов «Үздік ойыншы» атанса, «Үздік жаттықтырушы» номинациясына Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Анатолий Геннадьевич Мамедов лайық деп табылды.
        Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1