Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АУДАНДА ҚЫСҚЫ СОР ШАЮ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » АУДАНДА ҚЫСҚЫ СОР ШАЮ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

АУДАНДА ҚЫСҚЫ СОР ШАЮ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

             Мақтаарал ауданы бойынша жалпы 60,9 мың гектар егістік алқап бар. Оның ішінде 55667 гектар алқапта жер жырту жұмыстары жоспарланған болса, қазіргі таңда 50723 гектары жыртылған. Бұл жоспардың 91%-ы орындалғанын көрсетеді.
           Ағын суды барынша үнемді әрі тиімді пайдалану мақсатында қысқы сор шаю жұмыстарын жүргізу үшін 27301 гектар егістік алқапта пал алу жұмыстары жүргізіліп, ауданның шаруалары қысқы сор шаю жұмыстарын бастап та кетті. Қазіргі таңда 3135 гектар алқап суарылып үлгерген.
            Достық магистралды каналынан Мақтаарал ауданының егістік алқаптарына секундына 32 текше метр су келуде. Осы тұрақты көрсеткішті сақтай отырып қысқы сор шаю жұмыстарын наурыз айының алғашқы он күндігіне аяқтау жоспарланып отыр.
        «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» РММ-ің аудан бойынша берген картасына сәйкес, ауылдық округі бойынша суармалы жерлердің 1,4 мың га (2,1%) өте күшті, 3,4 мың га (5,3%) күшті, 16,3 мың га (2,6%) орта, 15,8 мың га (2,4%)шамалы тұзданған. Ал 26,6 мың га (41,7%) тұзданбаған жерлер болып саналады. Осыған байланысты біз ауылдық округтердің жер мамандарымен біргелікте бөлінген санат бойынша егістік алқаптарлдың кадастр нөмірін анықтап шықтық. Сондай-ақ, анықталған кадастр бойынша әр шаруаға жеке-жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жерді сорланудан сақтау үшін жасауы керек шаралар туралы айьыр жатырмыз» — деді кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Әлімқұл.
          Айта кетейік, Мақтаарал ауданының еңбекқор шаруалары қаңтардың әрбір сәтті күнін пайдаланып, қырыққабат пен қызылша егуді де бастап кетті.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1