ӘдебиетПоэзия

ТЫНЫШ БОЛСЫН ҚАЗАҒЫМ, ҚАЗАҚ ЕЛІМ

Қаралым: 63
Тыныш болсын қазағым, қазақ елім,
Тыныш болса қашанда өмір керім.
Түйіткүл ойдың шешімін шеше білсе,
Ақталды деп ойлайық елдік сенім
Ескерді де  президент ел  талабын,
 Өз жайына келтірді газ бағамын.
Топ ішінде содырлар пайда болып,
Оқ жаудырды халқыма арқын-жарқын.
Апырай кімдер бұзған ел тынышын,
Көреалмай еркін жұтқан ел тынысын.
Қирады дүние, мүлік отқа оранды,
Қанша жас қиды өмірін халқы үшін.
Бауырлар сабыр сақта қанша амалың,
Ұмытпа мәңгі еске алар халқың барын.
Жаннаттан болсын жаны деп дұға арнайық,
Қақтығыста мерт болған оғландардың.
Ашылар шындықтың әлі-ақ ақ парағы,
Көңілдің жіби түсіп қатпарлары.
Ел үшін жанын қиған ұрпақтарым,
Мәңгілік ел жадында сақталады.
Тұрды  ӘЛСЕЙІТ,
Атакент кенті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *