Нұр-Сұлтанда “QazForum-2021” қазақтіліндеонлайн–контент жасаушылардың V форумы өтеді.
2021 жылы 5 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Медиа кеңестіктің жаңа келбеті» қазақтіліндеонлайн-контент жасаушылардың V форумы өтеді.
Форумға жыл сайын қазақтілді БАҚ саласындағы ең үздік сарапшылар, журналистер, блогерлер мен влогерлер, веб-сайттардың бас редакторлары жиналып, жергілікті және шетелдік спикерлерменкәсіби тәжірибе алмасады, сондай-ақ бейресми кездесулер өткізеді.
Биыл Форум аясында «Соңғы 30 жылдықтағы қазақстандық БАҚ пен қоғам», «Жаһандық және қазақстандық медиадағы жаңа тенденциялар», «Пандемия кезіндегі медиа–трендтер» секілді тақырыптарды талқылап, сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ-тың жетекші медиа-сарапшыларының шеберлік сыныптары мен тренингтерін өткізужоспарланып отыр.
Форумқонақтары мен спикерлері:
• Аида БАЛАЕВА, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
• Джуди КУО, АҚШ -тың Қазақстан Республикасындағы елшісінің міндетін атқарушы;
• Бағдат МУСИН, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
• Ерлан ҚАРИН, Қазақстан Республикасы Президентінің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі;
• Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ, «Ұлттық Аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры;
• Қарлыға МЫСАЕВА, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті деканының орынбасары