NewsPRESS RELEASEАнонсыЖаңалықтарСаясат

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

Қаралым: 234
         2025 жылдың 5 желтоқсанында «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Смағұлов Қайрат Қанатұлы бірнеше ауданға жасаған іссапары барысында, Абай облысы Ақсуат ауданы Ойшілік ауылдық округінің әкімі Мәселов Тілек Еркінғазыұлымен кездесті.
       Кездесуде, ауылдың қазіргі жағдайы, атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы жоспарлар талқыланды.
        Сондай-ақ, өңірлік партия төрағасы «Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімі «Тоғас батыр атындағы орта мектеп» директоры Малғаждарова Гүлнара Әскербекқызымен де кездесіп, жалпы, мектептің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, бірқатар бөлімдерін аралап көріп, заманауи оқу бағдарламалары мен қазіргі білім беру жүйесінің жаңашыл бағыттары жөнінде еркін сұхбат құрып, мектеп ұжымына сәттілік тіледі.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *