Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
4 АЙДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ 4,5 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Ауыл шаруашылығы » 4 АЙДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ 4,5 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

4 АЙДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ 4,5 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

       Мақтаарал ауданында 2021 жыджың 4 айында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4,5 миллиард теңгеге жетті. Бұл туралы Түркістан облысының БАҚ өкілдеріне берген брифингінде аудан әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.
           Биыл мақтааралдық диқандар 60,9 мың гектар жерге егістік ексе, оның 34,9 мың гектары мақта дақылына тиесілі. Сонымен қатар, 622 гектар көкөніс дақылы егіліп, қырыққабат және қызылша дақылдарынан 20048 тонна өнім өндірілген және оның 80 пайызы шетелге экспортталған.
         Мақтааралдық диқандарға ағымдағы жылы жылыжайлар көлемін қосымша 10 гектарға ұлғайту тапсырмасы берілген болса, қазіргі уақытта 6,55 гектар жерге жылыжайлар құрылып үлгерілген. Сондай-ақ, 165 гектар алқапқа тамшылатып суару технологиясын ендіру тапсырмасы 100%-ға орындалыпты. Ал, 120 дана ауыл шаруашылығы техникаларын алу тапсырмасы берілген болса, 4 айдың қорытындысы бойынша 61 дана техника, құрал-жабдықтар мен түрлі агрегаттар алынған.
             Аудан басшысы жайылым жердің жоқтығына қарамастан мал басының саны артып жатқандығын да атап өтті. Яғни, малды жайылымда баққаннан көрі үйде ұстап бордақылайтын шаруалардың саны арта түскен екен.
           Айта кетейік, Мақтаарал ауданында егістік жерлердің құнарлығын арттыру үшін 40 мың гектар жер ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру (ИДЖЖ-2, орысша: ПУИИД-2) бағдарламасына енген. Осы арқылы 220 канал, 208 су қашыртқылары ретке келтіріліп, 149 тік дренажды ұңғымалар жөнделуде. Қазіргі таңда, жалпы ұзындығы 47 шақырымды құрайтын 36 каналдың (К-13; К-20; К-18; К-11 тармақтарымен бірге) құрылыс жұмыстары толық аяқталыпты. Нәтижесінде, егістік алқабтарды суару кезенінде ағын судың шығыны төмендеген.
 Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1