Эпидимиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты Қазақстанда мектеппен қоштасу кешін өткізуге рұқсат берілді.
Бірақ бітіру кешін оқу орнының қабырғасында немесе оқу орнының аумағында атап өтуге ғана рұқсат. Яғни, қоштасу кешін мейрамханаларда өткізуге, салтанатты кешті ұйымдастыру үшін жеке меншік агенттіктерді және қала ішін аралау үшін лимузин жалдауға, дастархан жаюға тыйым салынады. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық сыйлау мақсатында ақшалай қаражат жинауға да болмайды. Ата-аналардың мұғалімге сыйлыққа ақша жинағаны немесе қоштасу кешін мейрамханада ұйымдастырғаны туралы ақпарат тараған жағдайда сынып жетекші мен директор әкәмшілік жауапкершілікке тартылады.
Еске сала кетсек, еліміз бойынша барлық мектептерге соңғы қоңырау мамырдың 25-сі, ал аттестатты табыстау кеші 16-17 маусым күндеріне белгіленді.
Саида АКИПОВА,
”Зерде” мектебі 11 “А” сынып оқушысы.
Екібастұз қаласы.