Білім саласыЖас буынҚоғам

ЕҰУ ДОЦЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қаралым: 42
Жуырда  Еуразия Ұлттық университетінің дәрежелі ұстаздарымен Астрахан ауданының Өндіріс ЖОББ КММ-де Астрахан ауданының 9-11 сынып оқушыларымен әңгімелесу болып өтті. Ұстаздардан бөлек ЕҰУ студенттерінен құралған оркестр де келді..
         Доценттер арасында:  Алаштанушы Дихан Қамзабекұлы, Елтаңба аворы Жандарбек Мәлібеков, Қазақ өлеңдерінің қүрылысын зерттеуші Серік Негимовтар болып, олар осы ұйымдастырылған кездесудің  университетке оқуға шақыру мақсатында  емес, оқушыларға барынша идея тастап, өнегелі әңгіме жеткізу екенін айтты.
        Тәжірибелі тұлғалар оқушыларға бүгінде білімнің ауадай қажет екендігін өз өмірлерімен байланыстырып та, ойшылдардың көркем сөздерін қолданып та жеткізуге тырысты. Серік Негимов бір сөзінде:  «Білімді іздесеңдер, кітап оқыңдар. Кітапсыз адам дамымайды. Маржанның бәрі осы кітапта»  -деді.
        Аз ғана уақыт ішінде өрбіген әңгіме шараға келген оқушылардың бәрін дерлік өмірлік ақылмен сусындады дей аламыз.
Ақерке ҚАБДҰЛКӘКІМ,
Жамбыл ауылының ЖОББ КММ 11-сынып оқушысы.
Астрахан ауданы, Ақмола облысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *