Ауыл шаруашылығыЖаңалықтар

16 балық шаруашылығы субъектілері балық аулаумен айналысады

Қаралым: 25
Балқаш аудан көлемінде 16 балық шаруашылық субъектілері балық аулаумен тұрақты түрде айналысады. Іле өзенінің аңғарлары мен Балқаш көлінде балық аулаудың қыр-сырын жетік меңгерген балықшылар қауымына «2020 жылдың 1 шілдесі мен 2021 жылдың 1 шілдесі аралығында жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимиттерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы №133 бұйрығына сәйкес 4578 тонна балық аулау көлемі бөлініп берілген.
Өзен аңғары мен Көкше теңіз бетінен маржан сүзген балықшылар қауымы бүгінгі таңға дейін 2868, 5 тонна балық аулап, бюджет қоржынына 50984 мың теңге құйып, меже биігінен көрінуде.
«Сүзіп алда сата бер» деген пиғылдан аулақ болған балық шаруашылықтары өзен-көлдердегі балық қорын көбейту бойынша 354294 дана балық шабақтары жіберіліп, нәтижесінде 11,414 84 теңге бюджет қорына құйылған.
Балқаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *