Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
13 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » 13 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

13 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

         Мақтаарал ауданында 13 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл — аудан тарихының құрылыс саласындағы рекордтық көрсеткіші. Тіпті, іріленген Мақтаарал ауданы кезінде де бір уақытта мұншалықты көп мектептің құрылысы жүрмеген. Бұл туралы Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистерге берген брифингінде аудан әкімі Бақыт Асанов мәлімдеді.
         «1200 орындық 1 мектеп, 300 орындық 2 мектеп, 200 орындық 8 мектептің және 100 орындық 2 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы 13 білім беру нысанының 8-і биыл пайдалануға берілетін болады. Қалған 5-еуі 2022 жылға өтпелі. Ол үшін облыстық бюджеттен жалпы конкурстық құны 9,9 миллиард теңге қаржы бөлінген»  — деді Бақыт Насырханұлы.
         Аудан басшысы мақталы өлкеде құрылыс саласының қарқынды жүруіне тікелей облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің ықпалы зор екенін және ол үшін облыс басшысына мақтааралдықтардың алғысы шексіз екенін айтты. Сонымен қатар, салынып жатқан мектептердің барлығы пайдалануға берілгеннен соң ауданда ыңғайластырылған мектептер мүлде болмайтынын ерекше атап өтті.
           Мақтааралда өте өзекке ие болған мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім беру нысандарын ішкі және модульдік әжетханалармен жабдықтау мәселесі де өз шешімін тапқан екен. Атап айтқанда, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 24 мектепке модульді жылы әжетханалар орнатылыпты.
         Айта кетейік, оқушылардың қауіпсіздігі сақтау мақсатында бейнебақылау камераларын орнату үшін 159,7 миллион теңгеге және 27 мектептің сыртқы қоршауларын күрделі жөндеуден өткізу үшін 487,5 миллион теңге, дабыл түймелерін орнатуға 1,3 миллион теңге, турникеттер орнатуға 52 миллион теңге қаржы қарау мақсатында облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына есептемелер де ұсынылған.   
Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1