ДенсаулықҚоғамМаман кеңесіПайдалы кеңестер

ӨТ АУРУЫ

Қаралым: 40
        Жедел өт жолы ауруы: себептері, белгілері және емдеу әдістері:
        Жедел өт жолы аурулары – өт қабы мен өт жолдарының қабынуымен немесе өттің дұрыс ағуына кедергі келтіретін патологиялармен байланысты аурулар тобы. Ең жиі кездесетін түрлері жедел холецистит – өт қабының қабынуы. Өт тас ауруы (холелитиаз) – өт қабында немесе өт жолдарында тастардың түзілуі.
       Холангит – өт жолдарының инфекциялық-қабыну процесі.
        Себептері: өт тас ауруы – тастар өт ағысын бөгеп, қабыну тудырады. Инфекциялар – ішек бактериялары өт жолдарына өтіп, қабынуға әкеледі. Өттің тоқырауы – дұрыс тамақтанбау, семіздік, бауыр аурулары нәтижесінде өттің ағуы бұзылады. Механикалық себептер – ісік, тыртықтар немесе туа біткен ауытқулар өттің ағуын қиындатады.
       Белгілері: ауырсыну – оң жақ қабырға астында өткір немесе созылмалы ауырсыну. Қызба – инфекция болса, дене қызуы көтеріледі. Лоқсу және құсу – майлы тағамнан кейін күшейеді.  Тері мен көздің сарғаюы (сарғаю) – өттің ағысы бұзылғанда пайда болады. Несептің қараюы, нәжістің ағаруы – билирубин алмасуының бұзылуынан.
        Диагностикасы УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) – өт қабының қабынуы мен тастарын анықтайды. Қан талдауы – қабыну белгілерін (лейкоцитоз, С-реактивті ақуыз) көрсетеді. МРХПГ (магниттік-резонанстық холангиопанкреатография) – өт жолдарының жағдайын бағалайды.           ЭРХПГ (эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатография) – өт жолдарын зерттеп, қажет болса, тастарды алып тастауға мүмкіндік береді.
        Бұл кеселдің алдын алу үшін – дұрыс тамақтану: көкөніс, жеміс, талшықты тағамдар, жеткілікті су ішу. Артық салмақтан арылу. Ұзақ ашығудан аулақ болу. Өт қабын уақытында тексерту қажет.
Кадырбекова Акзия Кыдырбековна,
Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасы, Хирургия бөлімі –
 Күндізгі лопороскопиялық ота мейіргері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *