Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Денсаулық » ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ БЕЛГІЛЕР

      Жүктілік – қалыпты физиологиялық процесс.
       Көбінесе  жүкті әйелдер тек медицина қызметкерлерінің тарапынан бақылауы мен кеңесіне мұқтаж. Жүктілік кезіндегі арнайы емді қажет етпейтін физиологиялық өзгерістер: таңертеңгілік жүрек айну, құсу, дәм сезудің өзгеруі, терідегі дақтардың пайда болуы немесе күңгірттенуі, сүт бездерінің ауырсынуы.
      Жүктілік үш  триместерге бөлінеді. Бірінші  триместр жүктіліктің алғашқы үш айына, екіншісі жүктіліктің 4-6 айлық кезеңіне, үшіншісі- жүктіліктің 7-9 айлық кезеңіне сәйкес келеді.
      Бірінші триместерге медициналық көмекті қажет ететін қауіпті белгілер: тәулігіне 8-10 рет құсу, жыныс жолдарынан қан аралас шығындының бөлінуі, іштің немесе бүйірдің қатты ауыруы, әуелі сыздап, содан соң күшеюі мүмкін.
      Жүктіліктің екінші триместерінді медициналық көмекті жедел түрде қажет ететін белгілері: бастың үнемі немесе кенеттен ауыруы, көздің көруінің нашарлауы немесе көз алдында қара нүктелердің көрінуі, анық немесе кенеттен пайда болған ісіну және оның тез үдеуі, жыныстық жолдан қанды шығындының бөлінуі, іштің қатты және басылмай ауыруы, үнемі құсу, іштегі баланың 24 сағат бойы қозғалмауы, қынаптан көп сулы шығындының бөлінуі (қағанақ суының кетуі).
       Егер үшінші триместрде келесі белгілердің біреуі білінетін болса дереу медициналық көмекке жүгінуіңіз қажет: жыныстық жолдан қанды шығындының бөлінуі, қынаптан көп сулы шығындының бөлінуі (қағанақ суының кетуі), бастың үнемі немесе кенеттен ауыруы, көздің көруінің нашарлауы немесе көз алдында қара нүктелердің көрінуі, дене қызуының 38°С-ге дейін және одан жоғары көтерілуі, іштің қатты ауыруы, іштегі баланың әлсіз қозғалуы немесе мүлде қозғалмауы, араға 5-10 минут салып толғақтықтың қайталануы.
         Босанғаннан кейін міндетті түрде медициналық көмекті қажет ететін белгілер: ашық қызыл түсті немесе ұйыған қан түйіршіктерінің көп бөлінуі (гигиеналық төсенішті бір сағатта бірнеше рет ауыстыруға тура келсе), жыныстық жолдан, іріңді жағымсыз иісі бар шығындының бөлінуі, іштің төменгі тұсының қатты ауыруы, дене қызуының 38°С-ге дейін және одан жоғары көтерілуі, іште немесе бұтаралығындағы отадан кейінгі тігістің ауыруы және білеуленуі, сүт бездерінің ауыруы, қатаюы және қызаруы.
         Әрбір әйел өз жүктілігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс, бұл оған ана болу және өмірге денсаулығы мықты баланы дүниеге әкелу бақытын сыйлайды!
Жүрсінова Айнұр Әшірбекқызы,
 Сұлутөбе дәрігерлік амбулаториясының акушері.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1