Жаңалықтар

ҰБТ СҰРАҚТАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ ДАТАЛАР ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қаралым: 44
         Сұрақтар тізімінде Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы пәндерінен 189 тарихи күндер тізімі түлектерге ұсынылды.
         Қазақстан тарихы пәнінен 89 тарихи дата болса, дүниежүзі тарихы бойынша 100 дата бар. Айта кетсек,бұл сұрақтар  ҰБТ тапсыру кезінде,  сирек кездесуі мүмкін.ҰБТ сұрақтарында көбінесе есте сақтау қабілетін жақсартуға бағытталған сұрақтар саны азайып, 11 жыл бойғы білімін практика жүзінде қолдануға аса назар аударылған. Сондай-ақ, грантқа түсуші түлектер үшін 15 сәуірде электронды форматта ҰБТ тапсыру басталды.
         Алдыңғы жылғы түлектер ҰБТ нәтижесін кешкі уақытқа қарай білетін болса,осы жылғы түлектер сынақты тапсырып болғаннан кейін,бірден жауабын  білуге болады. Әр балаға арналған компьютер бейнекамера орнатылып,онлайн түрде бақылай алады. Сондықтан түлектер көшіріп алу секіліді қағидаларды бұзуға мүмкіндіктері болмайды.
Асылжан РЫМҚҰЛ,
Ж.Ақылбаев атындағы МГ-нің 11 сынып оқушысы.
 Шет ауданы, Қарағанды облысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *