Жаңалықтар

БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ЭКОАКЦИЯ ӨТТІ

Қаралым: 72
         Алматы облысының аумағында экотуризмді, экологиялық тазалықты дәріптеу мақсатында Алматы облысы Ішкі саясаты басқармасының қолдауымен  «Jetisy  Media» КММ-нің ұйымдастырумен, Алматы және Талдықорған журналистерінің қатысуымен, 19 мамыр күні «Гүлдене бер, Жетісуым» атты экофестивалі өтті.

         Шара барысында БАҚ өкілдері алдымен Қапшағай қаласындағы экологиялық қауіпсіз саналатын жел және күн электрстанцияларының жұмысымен танысты. Сонымен қатар,  бірінші маусымнан бастап ашылуға тиісті Қапшағай жағажайларының дайындық барысын көрді.  Шара соңында «Экология тазалығы – біздің денсаулығымыздың кепілі» деген ұранмен Қапшағай көлінің бойымен, Іле өзеннін жағалай тұрған Таңбалы қорығының ішінде тазалық акциясын жүргізді.
        Акция туралы «Jetisy  Media» КММ басшысы Жанна Сержанқызы: «Қапшағай қаласындағы экологиялық мәселелерді ортаға салу, түйінін тарқату мақсатында эко-акция ұйымдастырдық. Шара барысында «Таңбалы тас» петроглифтеріне барып, аталған аймақта тазалық жұмыстарын жүргіздік. Осы арқылы, елдің арасында табиғатты қорғау, өлкеміздің байлығын сақтау керектігін түсіндіргіміз келді. Облыстағы көрікті жерлердің әлеуетін баршаға паш ете отырып, экотуризмді дамыту ісін жолға қойғымыз келеді. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы таңда жалғасын табадады»- деді.
          БАҚ өкілдері акцияға белсене қатысып, алдағы уақыттарда Алматы қаласында да осындай шараларды жалғастыруға ниет білдірді. Аталмыш шарада «Түркітілдес журналистер қорының» президенті Нәзия Жоямерген, «Жетісу» газетінің тілшісі Қажет Андас, талай жыл ішкі істер саласының баспасөзінде қызмет атқарған ардагер журналист Гүлнәр Мағзұмова, «Хит ТВ» арнасының жүргізушісі Арай Жұмашқызы секілді журналистер болды.
          Табиғатты қорғау өзімізден басталатынын ескерсек, халықтың құлағы хәм тілі атанған БАҚ өкілдерінің бүгінгі әрекеті халыққа үлгі өнеге болары сөзсіз.
 Аида КОЖМАМБЕТОВА.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *