Бүгінде кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы және сол елдің қол жеткізген оң жетістіктерін жоққа шығаратын, мемлекеттік қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетін ең қатерлі құбылыс. Сол себепті де, онымен әлемнің барлық елдері өздеріне тән тәсілдермен күресуде. Қазақстан Республикасының да мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен жан-жақты күресу болып табылады.
Осы «қоғамдық дерттен» төнетін орасан қатерді жете түсініп отырып елімізде ТМД елдері ішінде алғашқылардың бірі болып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты арнайы заң қабылданды. Сол заңға уақыт-уақытымен толықтырулармен өзгерістер еңгізіліп, жетілдірілуде.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінде Қазақстан Республикасының барлық тұрғындарына, олардың азаматтық борышы екенін ұғындыруымыз керек. Сол түсінікті оларға мектеп қабырғасынан ұғындыруымыз қажет. Сонда ғана біз оң нәтижеге қол жеткізе аламыз.