Қазіргі таңдағы бүкіләлемдік пандемияға байланысты, еліміздің білім беру жүйесінде «қашықтықтан оқыту» әдісі іске асырылуда. Бұл әдіс ауданымызда да нәтижелі әрі қарқынды дамуда. Алғашқы кезде «Қашықтықтан оқу не екен?», «Оны қалай оқиды екенбіз» деген сұрақтар барлығымызды ойландырғаны белгілі. Басында оқушы, мұғалім, ата-ана үшін де жаңа формат болғанымен де, аз уақыт ішінде бұл жүйеге де үйреніп, жұмысымыз да нәтижелі бола бастады. Бұл жерде аудандық білім бөлімінің, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие ісінің әдіскері, жаста болса өз ісінің шебері Баймаханбетова Сабира Раманкулова апайымыз көп еңбек сіңіргеін атап өтуіміз керек.
Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін педагогтың – оқытудың жаңа техникалық жүйелерін жетік біліп, олармен қатар шебер, озық педагогикалық әдіс-тәсілдер арқылы әріптестерімен өзара тәжірибе алмасу арқылы жұмыстар атқарса ғана зор жетістікке жереті анық.
Бүгінде №4 Сабыр Рахимов атындағы мектебіміздің МООДТТ 2 топ жұмыс жасап, онда 46 тәрбиеленуші білім алуда. Олар заман талабына сай онлайн оқып жатыр. Оқушыларымыздың білімін дамыту мақсатында апталық өткіздік. Онда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие барысындағы ҰОІ қызметін бес сапа бойынша тақырыптар мен тапсырмаларға бөліп оқыдық.
Осы апталыққа балалар белсене қатысты. Ашылу салтанатына балалар тақпақтар айтты. МАДТ «А»-да 5 сала бойынша жұмыс жүргізілсе, ҰОҚ бойынша білім бөлімі, «Сауат ашудан» «Г» әрпі мен «Ертегілер еліне саяхат», «Г» әрпі және дыбысымен таныстырды. МАД «Ә» тобының тәрбиешісі Т.Сипатаева апай тәрбиеленушілерге бағдаршам туралы жан-жақты айтып берді. ҰО қызметі «Сөйлеуді дамыту» мен «Бағдаршам; көшедегі көлігім» атты тақырыптарда өткізілді. Балалар солардың арқасында толығымен жол ережесімен танысты. Олар сонымен бірге. жолда жүру қауіпсіздігін есте сақтау жайында түсіне білді. Апталық толығымен өз дәрежесінде онлайн түрінде өтті.