NewsPRESS RELEASEЖаңалықтарҚұттықтауМерекелік шара

ҚОС ҚЫЗМЕТКЕР МИНИСТРЛІКТІҢ ТӨС БЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Қаралым: 23
      Үстіміздегі жылдың 22 желтоқсанында еліміздің архив саласының қызметкерлері «Архивистер күні» кәсіби мерекесін екінші жыл қатарынан атап өтті.
       Осы мереке қарсаңында архивистер бір жылда атқарылған жұмыстарын қорытындылап, жетістіктерімен бөліседі.
      Еңбегімен ерекшелеген архившілер басшылық тарапынан лайықты марапаттарын алады. Мақтаарал ауданы, Атакент кентінде орналасқан Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің екі бірдей қызметкері – жоғары дәрежелі архивист Сейдуалиева Мейізкүл Ақбердіқызы және Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің Асықата бөлімінің меңгерушісі Тажибаева Салима Сүйінтайқызы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан берілетін «Архив саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды.
      Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтай отырып, архив саласын дамытудағы еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық құт-береке тілейміз! Барлық архив саласының қызметкерлерін кәсіби меркелерімен құттықтаймыз.
Ізгі ниетпен; Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің ұжымы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *