Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
«Борышкер» атты рейдтік іс-шара жүргізілуде - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «Борышкер» атты рейдтік іс-шара жүргізілуде

«Борышкер» атты рейдтік іс-шара жүргізілуде

      2022 жылдың 23- 25 желтоқсан күндері Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұсынысымен, Алматы облысының Ішкі Істер департаменті мен Алматы облысы бойынша Жеке сот орындаушылар палатасымен бірлескен салықтық берешегі бар борышкерлер бойынша, Іле және Талғар ауданының маңындағы республикалық маңызы бар күре жолдың бойында өтетін «Борышкер» атты рейдтік іс-шара жүргізілуде.
       Шара барысында көлік құралдары салығын төлемеген жеке тұлғалардың көлігін Жеке сот орындаушысының айып тұрағына қою туралы Қаулысының негізінде айып тұрағына қойылып, салығын төлету жұмыстары атқарылады.
       Бүгінде Алматы облысы бойынша 35 461 жеке тұлғаның 2,1 млрд.теңге салыққа берешегі бар. Жыл басынан бері Жеке сот орындаушыларына 1,3 млрд.теңгеге 42 217 салықтық бұйрық шығарылып жіберілді.
       Өткен жылдарда қарызы бар жеке тұлғаларды қоса алғанда жыл басынан бері 153 690 жеке тұлғадан 2,6 млрд.теңге салық өндірілді. Қазіргі уақытта осы бағытта заңға сәйкес мәжбүрлеп өндіріп алу жұмыстары жалғасуда.
        Облыс бойынша 2021 жыл үшін 2022 жылы 150 217 жеке тұлғалардың 442 165 автокөліктеріне 6,5 млрд.теңге есептелсе, бүгінгі таңда облыс бойынша жергілікті бюджетке 6,2 млрд. теңге түсті.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1