Ауыл шаруашылығыЭкономика

ҚАЗАҚСТАНДА ЕГІС НАУҚАНЫ АЯҚТАЛДЫ

Қаралым: 104
        Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен 2021 жылдың 10 маусымында өткен Үкіметтің селекторлық отырысында қортындыланды.
        Биыл елімізде көктемгідала жұмыстары ойдағыдай аяқталды. Көктемгі егіс науқаны дайындығының тиісті деңгейде ұйымдастырылуы арқасында тұқым себу жоғары агротехникалық деңгейде және қысқа мерзім ішінде аяқталып, егіс алқабы 78,2 мың га.-ға, яғни 22,7 млн га. алқапқа дейін артты.
       «Көктемгі егіс жұмыстарын сапалы әрі уақытында жүргізу үшін қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шешімдер қабылданды»-деді А.Мамин.
          Жалпы егіс науқанының қортындысы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының барлығы 2,5 млн тонна кондициялық тұқымы себілді.
                                                                           Ұлжан ЫСҚАҚ,
                                                        Қазалы ауданы, Қызылорда облысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *