Әлеумет

ТІЛ – ЕЛІМІЗДІҢ КҮРЕТАМЫРЫ

Қаралым: 38
      Авар халқының ұлы ақыны Расул Ғамзатов: «Тіл — еліміздің күретамыры» деген екен. Сондай-ақ ол, «Тілің ертең өледі десе. Дайынмын бүгін өлуге,- деген еді осыдан елу жыл бұрын.
     Тіл ешнәрсемен салыстыруға  келмейтін, ешқашан күн тәртібінен түспейтін мемлекеттік мәселе. Өйткені, әрбір ұлттың күллі рухани байлығы сол, ешнәрсеге айырбастамас құнарлы тілінде жатыр…
      Тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды. Кез келген тілді меңгеру мәселесіндегі басты шарт – адамның өзінің ішкі ой-ниеті мен қажеттілігі. Жетпей тұрғаны – адамдардың ықыласының аздығы. Осы ықыласты оятып, қазақ тілін қоғамдағы бірінші қажеттілікке айналдыру керек. Бұл тұста Елбасымыз — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақтың болашағы — қазақ тілінде», — деп алдымызға айқын жол ашып берді.  Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды.
 Мемлекеттік тілді білу – әр жанұяның, әр ұжымның негізгі мақсаты, біз тіл арқылы ғана ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды ұрпаққа аманаттай аламыз. Қазақ тілі туған тілім екендігіне өте қуаныштымын және мақтан етемін. Сол, ана тілімізді шын мәнінде мемлекеттік ету әрбіріміздің перзенттік һәм азаматтық парызымыз.
Май СТАНИСЛАВ,
Мақтаарал ауданы неміс этносының өкілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *