КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНА ҚАРСЫ ЕКПЕ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Автор: ҚалмұратҚаралым: 88
Мақтаарал ауданында коронавирус инфекциясына қарсы екпе егу жұмыстары басталды. Бүгін «Мырзакент» және «Атакент» аудандық ауруханаларының инфекциялық дәрігерлеріне екпе салынды.
Инфекциялық дәрігерлер — ел тұрғындарының ең осал топтарына жатады. Қатерлі инфекцияны тез жұқтырып, таратуға бейім келгендіктен ең алдымен дәл осы бағыттағы дәрігерлер вакцинамен қамтылуда. Одан әрі иммундауға жататын халықтың қалған топтары қамтылатын болады.
Бірінші кезеңде жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел медициналық көмек, реанимация, МСКАК, қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері екпе салдыруда. Ал екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, жоғары оқу орындарының педагогтары екпемен қамтылады. Сондай-ақ, үшінші кезеңде мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурулары бар адамдар екпе салдыртады.
Бұдан басқа, контингентті, оның ішінде халықтың қосымша осал топтарына жататын ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері және т.б. лауазым иелеріне екпе егу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.