СЕМЕЙДЕГІ ГИМНАЗИЯ ТӨРІНДЕ ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ «ҰЙҚАС ТАБУ» САЙЫСЫ ӨТТІ
Автор: ҚалмұратҚаралым: 207
Қараша айының соңғы аптасында Семей қаласындағы «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназияда» шығармашылыққа құштар дарынды оқушылар бас қосқан тағылымды шара өтті. «Ақ қауырсын» үйірмесінің жетекшісі, жас ақындарға бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаз Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы білім ордасының «Буккроссинг» залында «Ұйқас табу» атты поэзиялық сайыс ұйымдастырды.
Жас талапкерлердің ой ұшқырлығын, тіл байлығын, поэтикалық жан-сезімін дамыту – сайыстың негізгі мақсаты. Сонымен қатар, өлең өнеріне қызығушылық танытып жүрген үлкен, орта, кіші буынды құрайтын жас шәкірттерге жігер беріп, олардың шығармашылыққа деген ынтасын арттыру көзделді.
Шара барысында, 2 топ өзара бақ сынап, берілген ұйқастарға жылдам әрі жүйелі өлең жолдарын құрастыру арқылы сыннан өтті. Жүргізуші Ерік Қайратбекұлы қатысушыларға 3 түрлі ұйқас нұсқасын ұсынып, шапшаңдық пен шығармашылық қабілетке зер сала отырып, басымдық берді.
Үздік шыққан оқушыларға ынталандыру мақсатында арнайы кітап сыйлықтары табысталды.