Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

       
           Өткен жұмада мерекелік шара аясында, облыс әкімі Берік Уәлидің қатысуымен  Абай облысында ауыл шаруашылығының еңбеккерлеріне сый-құрмет танытылды.
       «Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні» Абай облысында кеңінен аталып өткізілді. Семей қаласындағы   «Абай атындағы кітапханада» ұйымдастырылған «Алтын күз» салтанатты шарасында өңірдің аграрлық саласында еңбек етіп жүрген үздік мамандар медаль, ордендермен марапатталды.
       Онда «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы, Абай облысының Қоғамдық кеңес мүшесі
Смағұлов Қайрат Қанатұлы қатысып, мерекелік жиынмен бірге гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, бірқатар ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін марапаттауға куәгер болды.
       Бұл аталған мерекеде, «Ауыл» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Егізбаев Серік Рахметоллаұлының құттықтау сөзі оқып беріліп, «Ауыл» партиясының осы саладағы қос бірдей азаматы марапатталған болатын.
        Мерекелік жиында жиналған көпшілік қауымға концерттік бағдарлама да ұсынылды.
         Айта кетейік, биыл алғаш рет ауыл шаруашылығы саласы еңбек озаттарына 10 автокөліктің кілті сыйға тарту етілді. Олардың ішінде «BA AgroGrouр» ЖШС агрономы Медеухан Ануарбекұлы «Үздік агроном» номинациясын иеленді.
          Марапат құтты болсын!
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1