Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
СЕМЕЙДЕГІ ГИМНАЗИЯ ТӨРІНДЕ ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ «ҰЙҚАС ТАБУ» САЙЫСЫ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » СЕМЕЙДЕГІ ГИМНАЗИЯ ТӨРІНДЕ ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ «ҰЙҚАС ТАБУ» САЙЫСЫ ӨТТІ

СЕМЕЙДЕГІ ГИМНАЗИЯ ТӨРІНДЕ ЖАС АҚЫНДАРДЫҢ «ҰЙҚАС ТАБУ» САЙЫСЫ ӨТТІ

         
         Қараша айының соңғы аптасында Семей қаласындағы «Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназияда» шығармашылыққа құштар дарынды оқушылар бас қосқан тағылымды шара өтті. «Ақ қауырсын» үйірмесінің жетекшісі, жас ақындарға бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаз Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы білім ордасының «Буккроссинг» залында «Ұйқас табу» атты поэзиялық сайыс ұйымдастырды.
        Жас талапкерлердің ой ұшқырлығын, тіл байлығын, поэтикалық жан-сезімін дамыту –  сайыстың негізгі мақсаты. Сонымен қатар, өлең өнеріне қызығушылық танытып жүрген үлкен, орта, кіші буынды құрайтын жас шәкірттерге жігер беріп, олардың шығармашылыққа деген ынтасын арттыру көзделді.
        Шара барысында, 2 топ өзара бақ сынап, берілген ұйқастарға жылдам әрі жүйелі өлең жолдарын құрастыру арқылы сыннан өтті. Жүргізуші Ерік Қайратбекұлы қатысушыларға 3 түрлі ұйқас нұсқасын ұсынып, шапшаңдық пен шығармашылық қабілетке зер сала  отырып, басымдық  берді.
      Үздік шыққан оқушыларға ынталандыру мақсатында арнайы кітап сыйлықтары табысталды.
      Сайыс нәтижесі бойынша:
      1-топтың жеңімпазы – 3-сынып оқушысы Жасарбек Расул.
      2-топтың жеңімпазы – 5-сынып оқушысы Ахметқали Райана.
      Екі жас та өз топтары арасынан озып шығып, ұйқас құраудағы зеректігімен, тапқырлығымен көзге түсті.
      Жас ақындарға қанат бітірген бұл шара алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасады деп күтілуде.
Ерлан АЙҚЫНҰЛЫ,
Журналист.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1